Тунистің жағалау күзеті теңізден 29 мигранттың денесін шығарды

None
Фото: sk.pinterest.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис жағалау күзеті ел жағалауында екі қайық суға батып кеткен соң теңізден 29 заңсыз мигранттың денесін алып шықты. Бұл туралы жексенбі күні Тунис жағалау күзеті хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жағалау күзетінің ресми өкілі Хусемеддин Джбаблидің агенттік тілшісіне баяндауынша, бір қайық сенбі күні кешке Сфакс провинциясының (Оңтүстік-Шығыс Тунис), екіншісі Махдия провинциясының (Шығыс Тунис) жағалауында суға батып кетті.

«Махдия провинциясындағы Тунис жағалау күзеті бөлімшелері өткен түнде Жерорта теңізін кесіп өтіп Италия жағалауына жетпек болған. Алайда қайық суға батып, 27 заңсыз мигранттың денесі судан шығарылды», - деді Джбабли.

«Сонымен қатар, Сфакс провинциясы жағалауынан тағы екі заңсыз мигранттың денесі табылды», - деп қосты ол.

Оның айтуынша, операция барысында Африкадан шыққан 11 мигрант құтқарылды, ал із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда.

Х.Джбабли мигранттардың Италияның Лампедуза аралына жету үшін Жерорта теңізін кесіп өтпек болғанын нақтылады.

Лампедуза аралы - заңсыз мигранттардың Италияға теңіз арқылы саяхаты барысындағы алғашқы аялдамасы. Ол Тунис жағалауынан 80 км қашықтықта орналасқан.


Соңғы жаңалықтар