Тунисте президент сайлауына 69 үміткер тіркелді

None
None
ТУНИС. ҚазАқпарат – Тунисте президент лауазымына үміткерлер саны 69 адамға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Middle East Monitor басылымына сілтеме жасап.

Франс Пресс (AFP) агенттігінің хабарлауынша, Эннахда қозғалысы ұсынған Халық өкілдері ассамблеясының бірінші вице-президенті Абдельфаттах Муру мен «Тунис аман болсын» партиясының атынан шыққан премьер-министр Юсеф Чахед кеше таңертең кандидатурасын бекіткен.

Чахед журналистердің алдында мәлімдеме жасап, үкіметтен кетпейтінін айтты. 71 жастағы Муру да «елге қызмет ету» ниетінен қайтпайтынын білдірді.

Елдің қорғаныс министрі Абделькарим Збиди де президенттіктен үміткер. Оны Nidaa Tounes партиясы қолдап отыр. Збиди Тунистің бұрынғы лидері, марқұм Беджи Каида Эссебсимен жиі кездесетін әрі оны көпшілік соның ізбасары деп атап отыр.

Ел басқарудан үміткер болып отырғандардың арасында белгілі бизнесмен әрі БАҚ қайраткері Набиль Каруи де бар. Ол қаржы жымқыруда айыпталса да, кедейлерді қорғауға уәде беріп отыр.

Сайлау алдындағы үгіт 2-13 қыркүйектерге белгіленген. Тыныштық күнінен кейін сайлаушылар 15 қыркүйекте дауыс береді. Ал сайлаудың адын ала нәтижелері 17 қыркүйекте белгілі болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар