Тунисте лаңкестікке қарсы бейбіт шеру өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунистің Сус қаласында жүздеген адам дін атын жамылған содырлардың таяудағы қанды шабуылына қарсылық танытып, бейбіт шеруге шықты. Марш туристерді атқан қонақүйлердің бірінің жанында өтті, деп хабарлайды «ВВС» агенттігі.

Жиналғандар қолына майшам ұстап шығып, «Сус ешқашан өлмейді» деген сөзді ұран етті. Акцияның кейбір қатысушылары Британия жалауын көтеріп шықты. Себебі, бұл оқиғада қаза тапқан 15 адам Ұлыбританияның азаматы еді.

Осыған ұқсас наразылық шарасы ел астанасы Тунис қаласында да өтті.

Еске сала кетейік, 26 маусымда Сустағы екі қонақүйге жасалған шабуыл салдарынан 38 адам қаза тапты.

Соңғы мәлімет бойынша, өзі жалғыз жұртты қанға бөктірген шабуылшы жағажайда демалушы сияқты жүрген.

Құрбан болып, зардап шеккендердің көбі Британия және Германия туристері. Тунис билігі содыр атыс кезінде өлтірілгенін хабарлады. Шабуылды «Ислам мемлекеті» содырлалы жасады.

Соңғы жаңалықтар