Тунис жағалауында мигранттар мінген екі қайық суға батты

None
ТУНИС. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат- Тунистің оңтүстік жағалауында бір тәулікте мигранттар мінген екі қайық суға батты: төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.


Сфакс қалалық сотының өкілі Февзи Месмуди журналистерге мәлім еткендей, қайықтарда Африка елдерінің мигранттары болған.

Оның айтуынша, қайықтардың бірі Сфакс қаласынан 35 миль жерде суға кеткен, 17 адам құтқарылды.
«20 мигрант із-түзсіз жоғалды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - деді сот өкілі.
Екінші қайықта 43 заңсыз мигрант болған, 36-сы құтқарылды, төртеуінің денесін құтқарушылар судан шығарды, үшеуі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Жыл сайын Африкадан мыңдаған заңсыз мигрант жақсы өмір іздеп Туниске келеді. Мақсаты – Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жету.

Тунистегі босқындар кварталында тұратын кейбір мигранттар Еуропаға жетеді, көпшілігі теңізде қаза табады.


Соңғы жаңалықтар