Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы сыр берді ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған танымал актер, продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы сыр берді.

Еске сала кетейік, күдікті ретінде ұсталған танымал актер кеше кепілзатпен босатылған болатын, қазіргі кезде Тұңғышбай Жаманқұлов үйінде, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Тұңғышбай аға үйде. Қазіргі кезде жағдайы тәуір. Демалып жатыр. Денсаулығы енді... Білмеймін... Қазір түсініксіз. Білмеймін. Ауруxанаға барамын деді. Сәл күте тұрайықшы. Ағай өз-өзіне келгеннен кейін бәрін айтып береді. Әзірше, тон пішуден аулақ болайықшы", - деді актердің үйіне хабарласқанымызда, телефон тұтқасын көтерген адам. Ол өз атын айтудан да бас тартты.

Айта кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро «Тұңғышбай Жаманқұлов өз кінәсін мойындады» деген ақпаратты да таратқан болатын. "Т.Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және оның қоғамдағы орны, жасы және кепілзат төлегені назарға алынып, Жаманқұловқа қатысты «кепіл» шарасы қолданылды. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтініш Т.Жаманқұлов, Н.Юдина және Г. Ысқақова келтірілген шығынды толық өтеген соң қаралады», - делінген ресми хабарламада.

Соңғы жаңалықтар