+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникстің» ақшасын ұялы телефонының ақысы мен өз үйін күзетуге жұмсаған

2017 жылғы 18 наурыз 11:01
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Феникс» кинофильміне бөлінген қаржыны режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов ұялы телефонының ақысы мен өз үйін күзетуге жұмсаған. Бұл туралы қылмыстық істі сотта қарау барысындағы сот отырысында «Феникс» кинофильмінің бұрынғы бас директоры Керімжан Есбаев мәлім етті.

Сотқа түсінік берген куәгердің өзі «Феникс» кинокартинасының бас директоры болып формальды түрде тіркелгенімен, фильмге ешқандай қатысы болмағанын әңгімелеп берді.

Керімжан Есбаев аталған жұмысқа өзін Тұңғышбай Жаманқұлов шақырып, тікелей тағайындағанын айтты. Атап айтарлығы, оның ай сайын алатын жалақысы Т. Жаманқұловтың жеке қажеттіліктеріне жұмсалып отырған.

«Ақша Т. Жаманқұловтың үйін жөндеуге, коммуналдық қызмет ақысына, ұялы телефоны және үйінің күзет қызметінің ақысын төлеуге жұмсалды. Бұл төлемдер тікелей Т. Жаманқұловтың нұсқауымен жөнелтілді. Ал шығындарды мен өз журналыма жазып отырдым, сол журналды өз еркіммен тергеу органдарына бердім. Сондай-ақ, ақша Т. Жаманқұловтың ұлының Мәскеуге барып-қайтқан жолына жұмсалды», - деп әңгімеледі куәгер.

Сот отырысында Керімжан Есбаев Тұңғышбай Жаманқұловтың шығындарын растайтын құжаттарды сотқа ұсынды.

Бұған қоса, куәгер Тұңғышбай Жаманқұловқа арналған қаржының қалай қолма-қол ақшаға айналдырылғанын егжей-тегжейлі әңгімеледі. «Жаманқұлов «Феникстің» фильмінің продюсері Наталья Юдинаға 6 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдыруға нұсқау берді. Бұл әңгімені картинаның режиссері Талғат Жәнібеков, редакторы Ғизат Сұлтанов және есепші Назгүл Жүнісова өз құлағымен естіді»,- деді соттағы түсінігінде Керімжан Есбаев.

Куәгер сондай-ақ, қылмыстық істің материлдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне берілген соң Тұңғышбай Жаманқұлов фильмді түсірушілер тобын жинап алып, ешкімнің өзіне қарсы құзырлы органдарға түсінік бермеуін қадап тапсырғанын ашық айтты.

«21-інші немесе 23-інші қаңтарда Жаманқұлов маған қоңырау шалып, өз кеңсесіне шақырды. Кеңсеге келгенімде мені бұрын құзырлы органдарға берген жауаптарымнан бас тартуды өтінді, ал егер бас тартпаған жағдайда мені қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қолынан келген нәрсенің барлығын жасайтынын атып, қорқытты», - деп сөзін аяқтады куәгер.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро «Феникс» кинофильмін түсіруге бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны туралы фактілерді анықтады. Тергеудің нұсқасы бойынша, фильмді түсіруге бөлінген 79 млн. теңгенің 69 млн-ын картинаның продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Осы мақсатқа ол өзі құрылтайшы болып табылатын «T.K. TURAN UNIVERSAL BUSINESS» фирмасын пайдаланған.

Айта кетелік, тергеу барысында Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің қорғаушысының көзінше бюджет қаражатын ұрлағанын толық мойындады. Сондай-ақ, жымқырылған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалғанын айтты. Тергеу нәтижесінде белгілі болғаны, «Феникс» кинофильмінің алғашқы және дайындық кезеңдерінің өндірісіне деп «T.K. Turan Universal Business» ЖШС-іне 79 млн. теңге аударады. Соның ішіндегі 69 млн. теңгесін жоғарыда аты аталған компания арқылы кинокартинаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов ұрлаған. Аталған компанияның құрылтайшысы да - Т. Жаманқұлов. Ақша қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, кейінірек Т. Жаманқұловқа жеткізілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT