Тұңғышбай Жаманқұлов басқарған фирма немен айналысатыны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған бюджеттік қаражатты жымқыру фактісі бойынша күдікті ретінде танымал актер, продюсер Тұңғышбай Жаманқұловты ұстаған болатын. Осыған байланысты Жаманқұлов басқарған «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ның немен айналысатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының мәліметіне сәйкес, «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған 79 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есеп-шотына аударылып, сол арқылы 69 млн. теңгесі ұрланғаны айтылған еді.

Ал аталған фирманың құрылтайшысы - картинаның бас  продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов. Ғаламтордан алынған кәсіпорынның төлқұжатына сәйкес, «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан. Фирманың айналысатын саласы "көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу" деп көрсетілген. Қызметі - автомобиль бензинінің көтерме саудасы. Мекен-жайы - Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Айтиев көшесі, 51 үй, 36-кеңсе.

Айта кетейік, кеше, қарашаның 2-сі күні қаржыны жымқырды деген күдікпен ұсталған Тұңғышбай Жаманқұловтан басқа,  сот санкциясымен «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова мен атқарушы продюсер Н. Юдина да тұтқындалды. 

Соңғы жаңалықтар