Тұңғыш Президент күніне орай жамбылдық полицейлер марапатталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай жамбылдық полицейлердің салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға жергілікті полиция басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Департаменттің жеке құрамын және ішкі істер органдарының ардагерлерін мерекемен полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев құттықтап, Тұңғыш Президенттің жоғары еңбегін атап өтті.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда әділдік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, елдің аумақтық тұтастығын, оның тыныштығын сақтауға үлкен үлес қосты. Бүгін Қазақстан әлемде танылған мемлекетке айналды»,- деді А. Оразалиев.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында полицияның үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыс етілді. Салтанатты марапаттау рәсімі барысында қызметтік міндеттерін адал орындағаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 20-дан астам адам белгіленді. Олардың ішінде полиция полковнигі атағы ДП бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Үдергеновке, мерзімінен бұрын, полиция майоры атағы кинологиялық қызмет орталығының аға инспектор - кинологы полиция капитаны Леонид Аниськовқа берілді. Сол секілді үш полицей «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар полиция қызметкерлері төсбелгілермен, ІІМ және полиция департаментінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және қол сағаттар түріндегі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты іс-шара соңында қатысушыларға мерекелік концерт ұсынылды. Концертте қазақстандық композиторлардың Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм туралы әндері шырқалды.

Соңғы жаңалықтар