Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық конференция өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 26 қараша күні Астанада Мәжілістің бастамасымен және ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық парламенттік конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция тақырыбы - «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы».

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын конференция барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын, ең алдымен, мемлекеттердің өзара іс-қимылын және ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттау мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Әзірбайжан, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Түркия және Өзбекстан Парламенті басшыларының сөз сөйлеуі қарастырылуда.

Сондай-ақ, форум жұмысына Германия, Үндістан, Қытай, Швеция және басқа да елдерден сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Конференцияның күн тәртібі екі панельдік сессияға бөлінеді.  Атап айтсақ, «Астана векторы: сенімділік, қауіпсіздік және ынтымақтастық» және «Қазақстанның жаһандық бастамалары: бейбітшілік пен келісім идеяларын алға жылжыту».

 

Соңғы жаңалықтар