Тұңғыш Президент күнінде еліміз үшін әрқайсымыздың жүрегімізді мақтаныш кернеуі тиіс - З.Аманжолова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: халықаралық қатынастардың трансформациясы жағдайында мемлекетті басқарудың интеграциялық негіздері» атты ғылыми конференция өтті.

Шара барысында ғылыми институттар басшылары, ЖОО ректорлары, қалалық әкімдіктің өкілдері Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан сындарлы үлесін саралады.

Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова Тұңғыш Президент күнінде әрқайсымыздың жүрегімізді мақтаныш кернеуі тиіс екенін айтып өтті.

«Бұл мереке кез-келген азаматымыздың жүрегіне мақтаныш сыйлары сөзсіз. Кемеңгер көшбасшысы бар тәуелсіз елде өмір сүріп жатқаны үшін. Әр азаматымыздың бақытты болуы - еліміздің бақуаттылығынан хабардар етеді», - деді З.Аманжолова.

Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов әкім орынбасарының сөзін қолдай келе, Мемлекет басшысының халықаралық татулықтың кепілі болып отырғанын атап өтті.

«Бұның барлығы Президенттің тұлғалық биігін көрсетеді. 22 жылда Ұлт Көшбасшысы стандартқа сай емес шешімдер қабылдады. Әлемде дамыған елдер көп. Ал, біздің елде президенттік институты қалыптасты. Біз соның куәсі болып отырмыз. Еліміздің тарихы тереңде жатыр. Келер жылы қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаймыз», - деді Р.Алшанов.

Соңғы жаңалықтар