Тұңғыш Президент күні: СҚО-да 60-тан астам полиция қызметкері марапатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 60-тан астам солтүстікқазақстандық полицей мен ардагерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік мереке қарсаңында үлгілі қызметі, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін облыстық ведомство аппаратының, қалалық басқарма, аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері марапатталды.

Бірінің шені өссе, енді біріне медаль, төс белгі, грамота және алғыс хат табыс етілді. Оның ішінде үш ардагер, екі мемлекеттік қызметші бар, қалғаны – аттестатталған құрам.

Облыстық полиция басшысы Марат Төлебаев жеке құрамды құттықтай отыра, егеменді еліміздің зор жетістіктерге қол жеткізуі Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қатарында қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық тәртіп күзетін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары кәсіби шеберлік танытқан қызметкерлер аз емес.

60-тан астам қызметкердің еңбегі айтулы мереке қарсаңында салтанатты түрде бағаланды.

Марапатталғандардың үшеуі – «ҚР ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы мен криминалисі» республикалық байқауына қатысушылар.

Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Сергей Коняхин, жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Александр Хлевов пен қалалық анықтау бөлімшесінің аға анықтаушысы Назгүл Омарова байқаудың қорытындысы бойынша дипломдар және алғыс хаттар алды.

Мереке және демалыс күндері полицейлер қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін күшейтілген түрде қызмет атқарады.


Соңғы жаңалықтар