Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәртебесі өзгермек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қоғамдық жоғары маңызы бар өзге даталармен қатар мерекеленуі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы тапсырмасын орындау мақсатында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастап, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеуді айқындау ұсынылады», - делінген қаулы жобасында.

Құжат Ашық НҚА сайтында 3 қарашаға дейін талқыланады.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасын мақұлдаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін 1 желтоқсан мемлекеттік мереке ретінде тойланып келді және осы күні қазақстандықтарға демалыс берілетін.


Фото: techandmedialaw.com




Соңғы жаңалықтар