Тұңғыш Президент күні қазақстандықтардың ұлт тұлғасына деген сүйіспеншілігін паш етеді - Сергей Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өңір тұрғындарын 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Құрметті жерлестер! Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы да көреген саясаты арқасында Қазақстан ұлтаралық ынтымағы жарасып, тиімді нарықтық экономикасы өркен жайған елге айналды.

Тұрғындардың әл-ауқаты көтеріліп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де жақсарып келеді. Халық өзінің дұрыс таңдауын жасап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тұңғыш Президент етіп сайлаған алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың өткеніне де биыл жиырма төрт жыл толады.

Сонау 1991 жылдың 1 желтоқсанында елімізді дамытып, өркендетудің негізі қаланып, тәуелсіз Қазақстанды мемлекет ретінде қалыптастырудың бағыт-бағдары анықталған еді.

Тұңғыш Президентпен бірге біз қым-қуыт қиын күндерді де артқа тастадық. Оның дана басшылығымен тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың санасында ертеңгі күнге деген сенім сәулесі ұялап, бүгінде Қазақ елін бейбітсүйгіш және өркендеудің даңғылына түскен мемлекет ретінде бүкіл әлем таниды.

Мемлекет басшысының еліміздің саяси тәуелсіздігін нығайтып, экономикада нарықтық қатынастардың іргетасын қалап, халықаралық саяси әріптестерімен терең де, мықты қарым-қатынас орнатудағы қызметі оның нағыз Ұлт Көшбасшысы екенін дәлелдей түседі.

Тұңғыш Президент күні - қазақстандықтардың ұлт тұлғасына деген сүйіспеншілігін паш етеді.

Барлық ақмолалықтарды осынау айшықты оқиға - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен табыс, бақыт пен береке тілеймін», - делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар