+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Түркияның Самсун провинциясында «Қазақстан күндері» аталып өтілді.

2013 жылғы 20 қараша 20:44
Бөлісіңіз:

ЫСТАМБҰЛ. 20 қараша . ҚазАқпарат - Түркияның ең ірі провинцияларының бірі болып саналатын Самсунда Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі мен «19 мамыр» университетінің бірігіп ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президент күніне арналып «Қазақстан күндері» өткізілді.

«Қазақстан күндері» аясында елші Ж.Түймебаев провинция губернаторы Хусейн Аксоймен, қала әкімі Юсуф Зия Йылмазбен, «19 мамыр» атындағы университет ректоры, профессор Хусейн Аканмен, сауда-өнеркәсіп палаталарының басшыларымен, бизнес орта өкілдері және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізіп, өнеркәсіп аймақтарын аралады. Сонымен қатар аталмыш шаралар шеңберінде фото және кітап көрмесі, сондай-ақ ғылыми-тәжіриебелік конференция болып өтті. Елші мен провинция басшылары кездесуінің басты тақырыбы Қазақстан мен Түркияның екіжақты қатынастарын дамыту және аймақаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау болды. Самсун провинциясының басшылары Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, бұл орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың маңызды рөлін баса айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның экономикасы мен ішкі саяси жағдайы тұрақты, серпінді сыртқы саясатымен танылып жүрген аймақтағы жетекші мемлекет екені аталған болатын. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев - әлемдік деңгейдегі аса көрнекті тұлға. Оның көреген саясатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада биік жетістіктерге жетті. Түрік халқы тәуелсіз бауырлас Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалауда», - деді провинция губернаторы Х.Аксой өз сөзінде. Елші Ж.Түймебаев өз кезегінде қатысушыларды Қазақстанның тәуелсіздіқ жылдарында қол жеткізген жетістіктері, Елбасының сыртқы саясаттағы негізгі бастамалары, соның ішінде "АТОМ" және "G-Global" жобаларымен таныстырды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Балалық шағымның аспаны», "Көшпенділер", "Қыз Жібек" фильмдерінің елшілік тарапынан түрік тіліне аударылып дубляждалған нұсқалары көрсетілген болатын. "Қазақстан Күндерінің" экономикалық бөлімінде, елші құрамында жалпы саны 100-ден астам зауыттар мен фабрикалары бар Самсун провинциясының өндірістік аймағын аралап, аталмыш өңірдің бизнес құрылым топтарының өкілдерімен кездесті. Аталмыш шаралар Елбасының "Қазақстан-2050" Стратегиясы" халыққа жолдауының негізгі қағидалары және Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар Н.Назарбаевтың 2012 жылдың қазан айында Түркияға іс-сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде ұйымдастырылды. Жалпы ұйымдастырылған шаралар аймақ тұрғындарының қызығушылығын туғызып, провинцияның алдыңғы қатарлы іскерлік топ өкілдері Қазақстаның инвестициялық ахуалымен жақынырақ танысу мақсатында және қазақ-түрік индустриялық аймақтарын құру бағытында өзара қатынастарды тереңдету үшін елімізге сапар жасауға ниет білдірді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT