«Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Түркістан қаласында 500 түп ағаш отырғызылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Түркістан қаласында 500 түп ағаш отырғызылды.

Өңірдің климаты мен географиялық ерекшеліктеріне байланысты облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы қаланың көгалдандырылуына ерекше көңіл бөліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара аясында Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпов және қалалық мәслихаттың хатшысы Ғаппар Сәрсенбаевтың қатысуымен дендросаябақта қарағай ағаштары егілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық сыйлайтын бар ағаштардың күтімі нысан құрылысы аяқтала «Жасыл Түркістан» КММ тарапынан атқарылатын болады. Қазіргі таңда 500-ден астам жұмысшы мен 50 дана техника күші жұмылдырылған нысан құрылысы қарқынды атқарылуда. Құрылыс барысы мен ауа-райына қарай жалпы 19 мыңға жуық түрлі ағаштар отырғызылуы жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар