+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Тұңғыш Президент күні: Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды

2020 жылғы 1 желтоқсан 16:40
Бөлісіңіз:
Тұңғыш Президент күні: Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін

Бүгін Тұнғыш Президент күнінде Үштөбе қаласының Шаңырақ шағын ауданында жəне Көкдала көшелерінде орналасқан көпқабатты және жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы мен аудандық маслихат хатшысы Бақыт Жексембіұлы қатысып, 50 отбасына пәтер кілтін табыстады.

Республикалық бюджеттен бөлінген 223 млн 972 мың теңге, облыстан бөлінген 95 млн 799 мың теңгеге Шаңырақ шағын ауданындағы отыз пәтерлі тұрғын үй салынды. 2019 жылдың қарашасынан бастап Үштөбе қаласындағы Көкдала шағын ауданында 20 жалға берілетін жеке тұрғын үй «Қолқанат құрылыс» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, республикалық бюджеттен 180 млн 404 мың, облыстық бюджеттен 100 млн 432 мың бөлініп, биыл құрылысы толықтай аяқталды. Аталған үй аудан бойынша кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді.

«Мерекедегі жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді аудан әкімі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT