+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Тұңғыш Президент қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық шырша мерекесін ұйымдастырды (ФОТО)

2014 жылғы 18 желтоқсан 17:32
Бөлісіңіз:
Тұңғыш Президент қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық шырша мерекесін ұйымдастырды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 300 мүмкіндігі шектеулі бала ҚР Тұңғыш Президентінің қоры ұйымдастырған жаңажылдық шыршаның қонағы болды.

Жаңажылдық қойылым - ҚР Тұңғыш Президентінің қорының жылда ұйымдастыратын мерекесі.

Биыл мұнда Ұлттық ғылыми-практикалық педагогикалық коррекция орталығының, «Аутизмді жеңеміз» қоры, «АРДИ» орталығы, «Кеңес» және «Томатис» орталықтары, «Ашық әлем» біріккен қоры, «Эльдани» қорының тәрбиеленушілері мен №8 қалалық емхананың емделушілері келді.

Бүлдіршіндерге арнап «Су астындағы жаңа жыл» бағдарламасы қойылды. Әсіресе, ертегі кейіпкерлерін өз көздерімен көрген балалардың қуанышында шек болған жоқ.

Аяз ата мен Ақшақар қызықты ойындар өткізіп, балалардың әрқайсысына көрсеткен өнері үшін сыйлықтар сыйлады. Сыйлықтар мерекеге келе алмаған мүгедек балалардың үйді-үйлеріне таратылды.










Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT