Тұңғыш Президент - ерекше Президент -Ә. Кекілбай

None
None
анның 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -   Тұңғыш Президент - ерекше Президент. Бүгін Астанада бой көтерген  «Қазақ елі» монументінің ашылу салтанаты барысында сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегі жайында толғаған Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбай осылай айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тарихтың «тар жол, тайғақ кешуінде» данышпан халқымыз өз тағдырын кімге сеніп тапсыруды білді. Тұңғыш Президент - ерекше Президент. Талай жыл билеп төстеген отаршылдықтан арылу, ата-қонысымызды, ұлттық дербестігімізді түгел мойындатып, іргелі ел ету, жан-жақпен жарасымдылық қарым-қатынас орнатып, қандай жолмен ойдағыдай дами алатындығымызды айқындау, соған лайық саяси құрылым түзіп, мұндайда болмай қоймайтын заңсыздықтар мен ұтымды күресіп, жалпақ қауымды зиялы іске бастау соның еншісінде. Біздің Тұңғыш Президентіміз  Н. Назарбаевтың бойында, бұндай терең білік, тапсыз көрегендік, биік талғам, ойдағысын іске асырмай тынбайтын табандылық пен ыждаһаттылық жетіп артылады. Ол қайткенде іргелі ел, жоралы жұрт болатындығымызды даусыз мойындататындай өрелі мақсатты дер кезінде дәл тауып қоя білді. Кемеңгер халқымыз мұны жете түсініп, ойдағыдай іске асыра алды. Соның арқасында «Біткен істің үні жоқ, бітірген ердің кемі жоқ», дейтін кереметтей шаруа тындырылды», деді Ә. Кекілбай.

Сонымен бірге, өткен он жылда осы дәуірдегі озық үлгідегі сәулетті Астана салған қазақ еліне жарқын келешек лайық екендігін айтқан сенатор, бұл істе де Елбасының орны ерен екендігін сөз етті. Жер бетіндегі ядролық қарусыздану мәселесін алғаш қамтамасыз ету арқылы ұлттық, экономикалық, экологиялық қауіпсіздік бірдей шешіліп отырғанын атап өтті. Санаулы жылдар ішінде, салауатты жолдан өтіп, салиқалы қорытындылар жасалғанына тоқталды.

«Бәсекесіз тұрмайтын нарық жағдайындағы дағдарыстың алдын алу жолдары қарастырылып, аса толғақты кезеңдегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді үйлестірудегі Елбасының инновациялық саясаты Қазақстанды Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының төрағалығына дейін жоғарылатты», деді Ә. Кекілбай.

Соңғы жаңалықтар