18:01, 25 Наурыз 2019 | GMT +6
Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімше басшылары тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Айдос Ыдырысұлы Үкібай - Елбасы - ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы;
Арслан Момышұлы Дандыбаев - Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті Протоколының басшысы;
Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбырайым - Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев - Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Асқар Мәуленұлы Молдағаринов - Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті Кеңсесінің Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;
Елдар Серікұлы Томашов - Елбасы - ҚР Тұңғыш Президентінің Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі», - делінген құжатта.