Түнгі клубтарға барған елордалық жасөспірімдер анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Полиция департаменті көңіл көтеру орындарына барып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында көңіл көтеру мекемелеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған іс-шара өткізуде. Жылдың басынан бастап қала полициясына көңіл көтеру мекемелерінде, бос уақыт өткізу орындарында, сондай-ақ оған іргелес жатқан аумақтарда жасалған қылмыстар және қоғамдық тәртіпті бұзушылықтармен байланысты телефон арқылы тұрғындар 3,6 мың рет шағымданған». - делінген қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Талдау көрсетіп отырғандай, ойын-сауық мекемелерімен байланысты аталған телефон қоңырауларының басым бөлігі демалыс және мереке күндеріне тиесілі. Осы орайда орта есеппен алғанда күн сайын 40 хабарлама келіп түседі.

«12-13 сәуірде жедел-профилактикалық іс-шара өткізу нәтижесінде, Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар ойын-сауық мекемелерінде 40-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуы, аумақты аббаттандыру ережесін бұзу, сонымен қатар ҚР көші-қон заңнамасын бұзу және басқа да құқық бұзушылықтар анықталды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Тұран даңғылы бойында орналасқан түнгі клубтың қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9 әкімшілік хаттама толтырылды, сонымен қатар кәмелетке толмағанның ойын-сауық мекемесінде болуы фактісі анықталды.

Бейбітшілік көшесі бойындағы караоке-бардың әкімшісіне қатысты кәмелетке толмаған келушілердің кальян тарту фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың мәліметтерін әрі қарай тексеру және ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтыру үшін ювеналдық полицияға берілді.

Соңғы жаңалықтар