Түнде жүгіруге шыққан Алматы тұрғынын белгісіз біреу соққыға жықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түнде жүгіруге шыққан Алматы тұрғынын ұрып кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 45 жастағы Александр түннің бір уағында жүгіруге шыққан. Үйден ұзамай-ақ оған біреу шабуыл жасаған. Қаскөй оны жұдырығымен бірнеше рет ұрып, ұялы телефонын тартып алған.

«Оқиға есімде жоқ, көзім қарауытып кетті, түнгі уақыт болатын. Бір жігіт қасыма келіп, ештеңе айтпастан бетімнен бірнеше рет ұрды. Мен өз-өзіме келгенше, ол менің ұялы телефонымды алып, қашып кетті. Мен дереу полицияға бардым, олар менің өтінішімді қабылдады. Аз уақыт ішінде ұстағандарыңыз үшін рахмет», – деді Александр.

Полиция бірнеше күннен кейін күдіктіні қолға түсірді. Алматы облысы Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы сөзсіз тексеріледі», – деді Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.


Соңғы жаңалықтар