Түнде көретін құрал Сарыағашта шекара бұзушыны ұстауға көмектесті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Сарыағаштық шекарашылар Өзбекстаннан біздің елге жасырын өтпекші болған мемлекеттік шекара бұзушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат   ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көзге түртсе көргісіз түн қараңғылығында бұтадан бұтаға жүгіріп, жан-жағына жалтақтай қарап, баспалап келіп тікенек сымды қоршаудың үстінен өрмелеп, біздің елдің аумағына қарай өтіп келе жатқан шекара бұзушыны ең бірінші болып Оңтүстік шекараның Сарыағаш шекара жасағына қарасты «Қапланбек» заставасының түнде көретін құралмен жабдықталған бейнебақылау операторы байқаған. Ол радиостанция арқылы сол маңдағы шекара нарядына хабар берген. Шекара бұзушының бағыты туралы ақпаратты алған шекара нарядының басшысы бойларын тасалап, «шақырылмаған қонақты» қарсы алдынан тосып алды.

Ұсталған адам Өзбекстан азаматы болып шықты. Өзімен бірге ешқандай құжаты жоқ. Құқық қорғау орындары хабарланып, оның кім екендігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар