Түн ортасында Семей көшесінде жалғыз жүрген бала үйіне оралды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат -Жоғалған 8 жасар Нұрәли Меллет үйіне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпанның 24-нен 25-не қараған түні Әуезов даңғылы бойындағы сауда үйлерінің бірінің маңынан табылған бала Әуезов полиция бөліміне тапсырылған болатын. Түңгі сағат 3-те жалғыз өзі көше кезіп жүрген баланы Назым есімді қала тұрғыны көрген.  

«Жанына барып, есімін сұраған уақытта бала қаша жөнелді. Күн аяз болды. Егер бір жерге отырып, ұйықтап қалса үсіп қалады. Сондықтан соңынан қалмай жүріп отырдым. Тоқтап тұрған Александр есімді көлік жүргізішісінен көмек сұрадым. Александр көлікте қалды. Ал мен тағы баланы қорқытып алмас үшін серуендеп жүрген кейіп танытым. Қасына жеткен уақытта тағы қашып кетпес үшін қолынан ұстап жібермедім», - дейді Назым.

Бала Александр мен Назымның ешбір сұрағына жауап бермеген. Сөйтсе есту қабілетінен айырылған екен. Бірден оны  Әуезов полиция бөліміне тапсырады. Полиция қызметкерлері ата-анасына іздеу жариялап, баланы уақытша бейімделу және кәмелетке толмағандарды сауықтыру орталығына орналастырады.  

Істі қарау барысында полиция инспекторларының бірі,  бірнеше ай бұрын ойыншық дүкендерінің бірінде болған оқиғаға қатысы бар бала екенін есіне түсіреді. Ол кезде ол ойыншық сататын дүкенге кіріп, еш себепсіз сөредегі ойыншықтарды шашқан. Полиция қызметкерлері ескі істі қарап, сонда көрсетілген  мекен-жайға барады.

«Мекен-жайы дұрыс болып шықты. Баланың ата-анасы да  кештен бастап іздеп жатқандарын жеткізді. Бірақ полицияға хабар бермеген. Бұл оқиға бірінші рет емес екен. Егер бала жоғалса, бірден құқық қорғау органдарына хабар беру керек. Қазір баланың жағдайы жақсы, үйінде. Ана-анасы табылған бойда барып алып кетті», - дейді Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Әділбек Нығманов. 

Соңғы жаңалықтар