+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Түн ішіндегі өрт риддерліктерді әбігерге салды

2019 жылғы 29 қаңтар 10:20
Бөлісіңіз:
Түн ішіндегі өрт риддерліктерді әбігерге салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 2 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратқа сүйенсек, бүгін таңға сағат 03.10-да өртке қарсы қызмет пультіне Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Әуезов көшесі бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен. Өрт екінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шығып, 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сөндірушілер 21 адамды, оның ішінде 1 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Сағат 04.03-те қызыл жалынның алды алынып, 04.29-да толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан күйік шалған 50 жастағы азамат ауруханаға жатқызылды. От тұтануының алдын ала себебі - шылым шегу барысындағы абайсыздық», - деді ресми өкіл.

Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
null

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT