+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Түмен қазақтары пандемия жағдайында қазақстандық студенттерге көмек көрсетуде

2020 жылғы 3 мамыр 21:30
Бөлісіңіз:
Түмен қазақтары пандемия жағдайында қазақстандық студенттерге көмек көрсетуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түмен қазақтары сол жақта оқып жатқан, COVID-19 пандемиясы кезінде әртүрлі себеппен Отанына орала алмай қалып, Түмендегі ЖОО-лардың жатақханаларында оқшауланып жатқан қазақстандық студенттерге көмек көрсетуде. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы төралқасының мүшесі Есенғали Ибраев айтты.

«Жуықта өз-өзін оқшаулау режимінен шықтық, бірақ барлық сақтық шараларын сақтаймыз. Түмен индустриалды университетінде оқитын қазақстандықтарға көмек керек болды», - дейді Есенғали Ибраев.

Оның айтуынша, Қазақстан шетелде қалып қойған азаматтардың мәселесіне өте жауапкершілікпен қарайды. Мысал ретінде Қазақстанның коронавирус пандемиясы кезінде азаматтарын елге қайтару бойынша мемлекет жүргізген жұмыстарды айтуға болады.


«Студенттерді үйлеріне қайтару жұмыстары Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да жүргізіліп жатыр. Өткен аптада 150-ге жуық қазақстандық студент арнайы ұйымдастырылған рейспен Түменнен Қазақстанға ұшты. Кейбір студенттер әртүрлі себеппен үйлеріне қайта алмай қалды. Кейбірі биыл оқуын бітіріп, қолына диплом алса, енді бірі пандемия біткен соң қайтып келуге ақша жұмсағысы келмеді және отбасына қауіп төндіруді қаламады», - дейді ол.


Сонымен қатар, кейбір студенттер материалдық тұрғыда қиын жағдайға қалған.

«Олар менен қолдау сұраған, мен ойланбастан оларға көмектесу керек деп шештім. Ертеңінде оларға қажетті азық-түлік пен бірінші кезекте керекті тауарларды алдым», - дейді Есенғали Ибраев.

Ол студенттергі Түмендегі қазақстандық өнімдерді сататын «Нубаевские мясные продукты» гастрономының басшылығы да көмектескенін айтты. Оның айтуынша, енді қазақстандық студенттер ол жақта қиындықпен бетпе-бет қалудан қорықпай өмір сүріп, оқу жылын аяқтауына болады.

Олар көп рет қолдануға болатын медициналық маскамен, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

«Студенттерге көмектесу - бір реттік акция емес. Басқа да жоғары оқу орындарындағы студенттермен жұмыс істелініп жатыр. Студенттер мен оларға не қажеттігі туралы тізім жасалып жатыр», - дейді ол.

Авторы Медет Ахметов
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT