Тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер ала алады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 1 қазаннан бастап Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе салына бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Тұмауға қарсы иммундық шараларды жүргізу үшін облыс аумағында 364 арнайы кабинет әзірленген. Қатер тобында тұрған азаматтарға тегін салу үшін 73 860 вакцина дайын тұр. Жалпы, 9000 екпе сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 7 млн 830 мың теңге бөлінген.

«Гриппол плюс» атты ресейлік вакцинаның құрамында алдағы эпидемия маусымында жұғуы мүмкін А және В типті тұмау вирустарының инактивацияланған антигені бар. Тұмауға қарсы екпе алу үшін әр адам өзі тіркелген медициналық мекемеге жүгінуі керек» делінген хабарламада.

Тұмауға қарсы екпені медицина қызметкерлері, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурумен диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектер, туғанына 6 айдан асқан жиі ауыратын нәрестелер, жабық мекемелер контингенті ала алады.

Соңғы жаңалықтар