Тұмауға қарсы тегін вакцинаны қай жерде алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов тұмауға қарсы вакцинаның бағасын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде тәукел тобы бар. Ол адамдарға міндетті түрде бюджет есебінен 2 млн доза сатып алынды. Жұқпаға қарсы екпелер елді мекендердегі тұрғылықты жеріне жақында орналасқан медициналық мекемелерде (емханаларда) жасалады. Жалпы, өзінің қаржысы есебінен екпе аламын дегендерге ақылы түрде ұйымдастырылады. Вакцинаны дайындаған еліне байланысты екпе бағасында айырмашылық болады. Яғни ресейлік әрі Франция вакциналары бар. «СҚ-Фармация» мәліметінше, олардың бағасы 2200 теңгеден 4500 теңге аралығында», - деді департамент басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейдегі тұмау штамдары Қазақстанда тараған штаммен ұқсас. Себебі екі ел де бір климаттық белдеуде орналасқан.

«Біз халықтың 10 пайызынан астамын бюджет есебінен қамтамасыз етпекпіз. Бұл өз кезегінде аурудың төмендеуіне елеулі әсер етеді», - деді Ж. Бекенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «СҚ-Фармация» тарапы «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алды.


Соңғы жаңалықтар