Тұмаудың жаңа түрлері алаңдатуда - Бас санитарлық дәрігер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен кеңес барысында еліміздің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанды және бүтін әлемді алаңдатып отырған тұмаудың жаңа түрлері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген адам тұмауға мән бере бермейді. Естеріңізге сала кетейін, барлық арулардың  асқынуларына 70-80 пайыз жағдайда тұмау мен жіті респираторлық инфекциялар әсер етеді. 2009-2010 жылдары H1N1 тұмауы шыққан кезде өліммен аяқталған жағдайлар болды. Елімізде 20-дан астам адамның өлімі  тіркелді. Былтыр тұмаудан 1 науқас қайтыс болды. Ал биыл бізді тұмаудың жаңа түрлерінің шығуы алаңдатады», - деді ол.

Бас дәрігердің айтуынша, тұмаудың қазіргі уақытта таралған Мичиган, Колорадо сынды түрлері алаңдатып отыр.

«Себебі жаңадан шығып жатқан тұмауларға қарсы адамдардың иммунитеті қалыптасып үлгермеген. Сондықтан мұны біз бақылауымызға алып отырмыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның сөзіне қарағанда, тұмаудың таралуы қазан мен қараша айларында басталады. Ал шарықтау шегі қаңтар айының ортасына тура келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 2018-2019 жылдарғы эпидемиологиялық маусымға жаңа вакцина жеткізілді. Бұл ресейлік «Гриппол+» вакцинасы. Оның құрамында тымаудың үш типі бар. Атап айтқанда, үш штамм арасында А (H1N1) - Мичиган, А (H3N2) - Сингапур, В - Колорадо вирустары қамтылған.

Соңғы жаңалықтар