+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратуға болады

2020 жылғы 13 наурыз 16:36
Бөлісіңіз:
Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша коронавирусты 100 мыңнан астам адам жұқтырды. Бұқаралық шаралардың өтпейтінін, рейстердің шегерілгенін ақпараттардан естіп отырған халық тамағы жыбырлап, аздап жөтелсе де, қауіптеніп, алаңдауы мүмкін. Сол себепті тұмау мен коронавирус белгілерін ажырата білген жөн, деп жазады CNN.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирусқа шалдыққандар 11 инфекциялық стационарда ем қабылдауда Қызылорда облысында 6 кәсіпкер «Ashyq» жобасымен жұмысын бастады Осы айдың соңында елімізге 500 мың доза шетелдік вакцина жеткізілмек

«Медицина және инфекциялық аурулар профессоры мен вакциналарды зерттеу тобының директоры Грег Польша аллергия, тұмау мен коронавирус симптомдары туралы сұхбат берді», - деп жазады агенттік.

Мамандардың айтуынша, мұрынның бітеліп, көздің қышуы – аллергия белгісі.

«Мезгілдік аллергия мұрын мен көзге әсер етеді. Кейде дене бөртуі мүмкін», - дейді профессор. Оның айтуынша, коронавирус пен тұмау симптомдары жүйелі сипатта болады.

«Тұмау мен жаңа коронавирус басқа да ағзаға әсер етеді. Мысалы, тыныс алу жолдарына әсер етуі мүмкін. Бұл екеуінде де әлсіздік байқалады, емделуші көбіне жата бергісі келеді. Бір қарағанда бұл екі ауру симптомдары бірдей және оларды ажырату мүмкін емес сияқты көрінеді», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, тұмау кезінде адам бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды, ал коронавируста керісінше, күн өткен сайын жағдай нашарлай береді.

«Коронавирус кезінде демікпе байқалады. Дегенмен, тұмау мен коронавирустың алғашқы сатыларында олардың еш айырмашылығы жоқ», - дейді профессор.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT