«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бәйгеге қатысуға 2019 жылы қазақстандық телеарналарының эфиріне шыққан тележобалар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, кәсіби телевизиялық контент шығаратын студиялар мен компаниялар ұсына алады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді tvtumar.kz сайтында 2 наурызына дейін толтыруға болады.

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинациялары:

1. Үздік телевизиялық сериал

2. Үздік әлеуметтік жоба

3. Үздік деректі фильм

4. Үздік ток-шоу

5. Үздік ойын-сауық бағдарламасы

6. Үздік ақпараттық бағдарлама

7. Үздік тележүргізуші

8. Үздік тележурналист

9. Үздік режиссерлік жұмыс

10. Үздік аймақтық телеарна

«Тұмар» ұлтық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Аталмыш уақыт аралығында отандық тележурналистикасының 36 маманы эксклюзивті мүсіншенің иесі атанды.

Жеңімпаздардың қатарында журналистиканың «жілігін шаққан» майталмандармен қатар, жас та болса осы саланың үлкен үмітіне айналған және өзінің кәсіби біліктілігін көрсете білген жастар да бар.

Жоба құрылған жылдардан бастап бәйгеге қатысуға барлығы 898 өтінім қабылданды, олардың ішінен 138 өтінім бас жүлде - бәйгенің басты сыйлығы жезден және әйнектен жасалған «Тұмар» мүсіншесі үшін таласқа түскен болатын.

Төртінші «Тұмар» сыйлығы ерекше болады - өткен жылдардағы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, Ұйымдастырушы комитеті, биыл әр жеңімпазға «Тұмар» мүсіншесіне қоса бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, байқау тарихында алғаш рет қазылар алқасының құрамында қазақстандық телевизиясының кәсіби мамандарымен қатар, халықаралық деңгейдегі сарапшылар да бой түзейді.


Соңғы жаңалықтар