«Тұмар» телевизиялық байқауына қатысуға 400-ге жуық өтінім қабылданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұмар» телевизиялық бәйгесіне қатысуға 2018 жылы 397 конкурстық өтінім қабылданды, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылдың 16 наурызында Қазмедиа орталығында өтеді. Биылғы жылғы салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60-жылдығына арналады. Тілшілер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарына қоса салтанатты кешке қазақ телевизиясының ардагерлері де шақырылды.

Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинация бойынша өтінімдер қабылдау 15-қаңтар мен 1-наурыз аралығында жүргізілді. Олардың ішінде қазақ телевизиясының 60 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған ерекше номинациялар бар. Сонымен қатар «Үздік операторлық жұмыс», «Жылдың үздік тележүргізушісі», «Жылдың үздік тележурналисі», «Үздік режиссерлік жұмыс» жеке номинацияларын да айта кету керек.

«Тұмарға» өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталының негізінде жүзеге асырылды. Бәйгеге қатысушылардың жоғары жоғары белсенділіктерін атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80%-ға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім). 2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады»,-делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өңірлік тұрғыда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының телеарналары көбірек белсенділік танытқан. Жұмыстардың ең көбі: «Үздік деректі кино», «Үздік ағартушылық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік ойын-сауық жобасы» номинациялары бойынша қабылданды.

Бәйгенің қазылар алқасына журналистика мен телерадио хабар тарату салалары бойынша кәсіби, біліктілігі жоғары сарапшылар кірді.

Естеріңізге сала кетсек, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммункиациялар министрлігі тарапынан ең сапалы және маңызды телевизиялық мазмұнды тауып, дәріптеу үшін, талантты профессионалдарды қолдау және отандық телевизияның сапалық стандарттарын арттырып, қазақстандық телевизияның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар