Тұман, жел, үсік: Үш облыста күн бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қызылорда, Маңғыстау және Қостанай облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

11 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатың желдің күші 18 м/с дейін күшейеді.

11 қазан күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

11 қазан күндіз Ақтау қаласында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар