Тұман, жел, үсік: 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Тек шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-25 м/с, шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінле тұман түседі.
Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.