Тұман, жел, қар: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болып, күн құбылмалы болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Сонымен қатар, фронталды бөліктердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қалың қар жауып, жаяу бұрқасын болады, 29-30 наурыз күндері еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, жауын жауады. Республика бойынша тұман болып, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста - көктайғақ күтіледі. 30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар