Тұман, жел, бұршақ - Дүйсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігі жоғарғы қысым ауданының әсерінде, осы тұстардағы күн райы ашық, тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыста құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде күшті нөсер жауады. Еліміздің кей жердерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күтіледі.

Түркістан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында 3 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус аяз сақталады.

Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар