+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Тұман, жел, бұрқасын: 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

2021 жылғы 15 қаңтар 00:21
Бөлісіңіз:
Тұман, жел, бұрқасын: 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 қаңтар, жұма күні ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылды 23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстан аумағы Салехард ауданынан келетін антициклонның ықпалында болады.

Тек еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізеді.

Осыған байланысты батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Оңтүстік-батыс пен батыста көктайғақ сақталады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді. Күндіз жел екпіні - 23-28 м/с. Түркістан облысында жаяу бұрқасын соғады.

Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші күндіз 23 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жел жылдамдығы - 25 м/с.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ күтіледі, жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Қостанай облысында жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысында – жаяу бұрқасын.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жаланашкөл ауданында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT