Тұман, жел: 5 өңірде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 28 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жел соғады, күші 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде 28-29 қазанда Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман болжанады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.


Соңғы жаңалықтар