Тұман, күшті жел – Сәрсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбіде елімізде ауа райы ашық болады, тек кей дерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 наурызда антициклон ықпалында болатындықтан Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл соғады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар