Тұман, көктайғақ, жел – сәрсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 қаңтарда солтүстік-батыс циклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында – көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктағақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі.


Соңғы жаңалықтар