Тұман, көктайғақ, жел - 19 қарашадағы ауа райы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстігі мен орталығында ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, екпінді жел мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, жолдарда көктайғақ, желдің жылдамдығы15-20 м/с.

Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында жел күшейеді, жылдамдығы -15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Жамбыл облысында да кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады.

Қостанай облысында кей жерлерде - тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерге тұман түседі, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 Павлодар облысында кей жерлерге тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысында да тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Түркістан облысында жел күшейеді - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар