+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын – бейсенбідегі ауа райы

2019 жылғы 5 желтоқсан 00:21
Бөлісіңіз:
Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын – бейсенбідегі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 5 желтоқсанда елімізді жел күшейіп, қар жауады, кей жерде бұрқасын соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Желтоқсанның 13-і күнгі ауа райы болжамы Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Қазгидромет: Желтоқсанның 12-сі күнгі ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT