Тұман, көктайғақ: Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 21 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде және таңертең 21-23 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 22-23 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжанады.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Өңірдің батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жел соғады.


Соңғы жаңалықтар