Тұман, көктайғақ, күшті жел – дүйсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, алайда тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысының ауа райын циклон және атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайды – кей жерлерде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күшейіп, елімідің солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз – көктайғақ.

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар