Тұман, көктайғақ, күшті жел: 3-5 қараша аралығында ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 3-5 қараша аралығында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аймағынан келетін антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен негізінен күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.

Алғашқы күндері елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар жауа ды.

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.


Соңғы жаңалықтар