USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 28 қараша күнгі ауа райы

2021 жылғы 28 қараша 01:12
Бөлісіңіз:
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 28 қараша күнгі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 қарашада ауқымды антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің тек қиыр батысында қар мен жаңбыр жауады. Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады Түркістан облысында трассалар қардан тазартылып жатыр Сауд Арабиясында рекордтық төмен температура тіркелді

Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл маңында жел 23-28 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болады, түнде жел 15-20 м/с екпінмен соғады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында желдің күші 15-20 м/с артады, жаяу бұрқасын жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT