+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды

2019 жылғы 22 тамыз 10:13
Бөлісіңіз:
Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды СҚО-да қызыл құртты заңсыз аулаған адам ұсталды Жамбылдықтар 12 тонна қоқыс шығарды

Бұл жайында ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-ге 2019 жылғы 20 тамыз күні таңертең жергілікті маңызы бар резервтік су айдыны - Тұлымбай көлінде балықтардың қырылуы туралы ақпарат түсті. Сол күні инспекция, Табиғат ресурстар басқармасы және Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаментінің қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға болған жерге барды. Су айдынының жағалауы тексерілді. Өлген балықтар 185 келіні құрады, олар әртүрлі мөңке балықтары», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Экология департаменті, ветериналық қызмет, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігінің сапасын бақылау басқармасының мамандары санитарлық-химиялық анализдер мен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен өлген балықтардың сынамасын алды. Жергілікті әкімдік өлген балықтарды жинап, көзін жойды.

«Балықтардың қырылу себептері туралы ақпарат лабораториялық зерттеулердің қорытындысы алынғаннан кейін хабарланады», - деді Самал Ибраева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT