+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Түлкібастық жасөспірімдер гір тасын 1000 рет көтеріп, рекорд жаңартпақ

2020 жылғы 24 ақпан 12:55
Бөлісіңіз:
Түлкібастық жасөспірімдер гір тасын 1000 рет көтеріп, рекорд жаңартпақ

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында барлық салалармен қатар спорт саласы да қарыштап даму үстінде. Бүгінгі таңда аудан жастары спорттың бірнеше түрінен облыстық, республикалық және әлемдік жарыстарда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде әсересе гір тасын көтеру спортына жастардың ықыласы ерекше. Болашағынан үміт күттірер спортшылар гір тасын 1000 рет көтеріп, рекорд жаңартпақ. Олардың қатарында 4 жасөспірім бар. Солардың бірі - 16 жастағы Мұхамеджан Жәнәділ бүгінде 9 -сыныпта оқиды. Гір тасын көтеру спортымен шұғылданып жүргеніне биыл 4 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда 16 келілік гір тасын 1200 рет көтере алады. Ол 50 келі салмақтағы жасөспірім және ересектер арасында облыс чемпионы атанған.

Нұржан Ақжан 2005 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Спорттың бұл түрімен 2017 жылдан бастап шұғылданады. Бүгінгі таңда 16 келілік гір тасын 1000 рет көтеріп жүр. 43 келі салмақта жасөспірімдер арасында облыс чемпионы.

Ал, Әлімжан Айбасов 2006 жылы туған. Гір тасын көтеру спортына биыл келіп, 16 келі гір тасын 1000 рет көтеруде. Жуырда өткен аудан біріншілігінде бас жүлдені иеленген.

Сол сияқты 15 жастағы Ермек Үкібаев гір тасын көтеру спортымен 2015 жылдан бері айналысады. Ересектер және жасөспірімдер арасында облыстың бірнеше дүркін чемпионы.

Гір тасын көтеру спортына бар жән-тәнімен берілген төрт жасөспірім әлем рекордын жаңартып, мемлекетіміздің мерейін үстем етпек ниетте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT