Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Түлкібастық ұстаздар династиясы өз таңдауын жасады

2022 жылғы 5 маусым 12:15

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түлкібастық Бердіхановтар әулеті бүгінге дейін елде өткен бірде-бір саяси науқаннан тыс қалмай, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап келеді. Олар бүгін де отбасылық дәстүрді үзген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердіхановтар отбасында 4 бірдей ұстаз бар. Отағасы Құрманғазы ауылының мектебінде физика-математика пәнінен сабақ береді. Жары Ғазия – физика пәнінің мұғалімі. Ұлы Сұлтанғазы математика, ал келіні Арайлым химия пәнін оқытады.

Құрманғазы Бердіхановтың айтуынша, әр қазақстандықтың бұл референдумдағы таңдауы – ел болашағы үшін маңызды қадам. Себебі, көптің таңдауына қарай елдің ертеңгі тағдыры шешілмек.

Жалпы, түлкібастықтар күннің ыстығына қармастан, рефрендумға белсенді қатысып жатыр.

Айта кетсек, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 85 жастағы тұрғыны Жандарбек Жүсіпов алғашқылардың бірі болып дауыс берген еді.

Сондай-ақ, дауыс беруші арыстық тұрғын шашу шашса , сарыағаштық зейнеткерге шапан жабылды.

Ал, ғасыр жасаған Арыс қаласының тұрғыны Рысалды Бейсенбаева немерелерін ерте келді.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары