Түлкібастық түлектер көпбалалы анаға баспана сыйлады

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің 20 жыл бұрынғы түлектері көпбалалы анаға тұрғын үйді сыйға тартты. Төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға баспананы аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуанышқа кенелген Назира Юсупова көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген болатын. Ол қасиетті Рамазан айында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толғанын игі іспен өрнектеген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бұл қайырымдылық шарасы «Алтын ұям» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік, Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Юсупова Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрып келген. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр.

Жалпы, мұндай игі шара Түлкібас ауданында алғаш рет орын алып отырған жоқ. Өткен жылы дәл осы Абай мектеп- лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үйді сыйға тартқан болатын. Осындай қайырымдылық шаралары 20 жылдықты атап өтетін түлектер арасында дәстүрге айналғандай.

null null

Соңғы жаңалықтар