Түлкібастық мемлекеттік қызметкерлерге әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Түлкібас ауданында мемлекеттік қызметкерлерге әдеп кодексі талаптарының орындалу барысы түсіндірілді.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне қоғамда белгіленген жалпы моральдық әдептілік нормаларын сақтау мен заңнама талаптарын бұзбау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен семинар барысында мемлекеттік қызметкерлерге қажетті мағлұматтар берілді. Сала мамандары қызметшілерді халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту мен өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға шақырды. Әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптардың күшейгенді сөз болды. Атап айтқанда қызметкерлердің моральдық бет бейнесі мен әдебіне айрықша көңіл бөлініп, оның әрбір айтқан сөзі мен іс-қимылын халықтың жіті бақылауында екені айтылды. Оларға жұмыс барысында да демалыс күндері де, қонаққа барғанда да немесе табиғат аясында демалғанда да әдептілік сақтау керектігі ескертілді. Себебі, бұқара халық олардан үлгі алып, соларға қарап бой түзейтіні белгілі.

«Мемлекеттік қызметшінің, ел алдындағы адамның ішкен-жегені де, киім кигені де әдептіліктің ауылынан ұзамағаны жөн. Қалай болса, солай киіну, көпшілік ортада өзін дұрыс ұстамау да мемлекеттік қызметшіге үлкен сын болмақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер бұл тұрғыда үлкен жауапкершілік танытып, әрдайым өзіне өзі есеп беріп отыруы қажет. Әр мемлекеттік қызметші аталған кодексте айтылғандарды басшылыққа алғаны абзал. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта да қарапайым болуы, басшылардың қарамағындағы қызметшілермен және төмен тұрған лауазымдағы қызметшілердің басшылармен өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар айқындалған. Яғни, олардың өзара қарым-қатынас жасауы іскерлік негізде жүзеге асырылып, ұжымда әріптестер бір-бірінің ар-намысы мен абыройына зиян келтіретін ақпарат таратпаулары тиіс делінсе, басшы қол астындағы қызметшілер үшін барлық адамгершілік қасиеттердің үлгісіне айналуы, оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір қасиеттерін қорлауға жол бермеуі және қызметтен тыс мәселелерін шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауы тиіс делінген»,- деді жиында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев.
null null

Соңғы жаңалықтар